99323059

Жобаның негізгі бағыттары мен міндеттері

1 кезең (2024 жыл)

1) Қоғамдық бақылау институттарының қызметіне теориялық-әдіснамалық талдау жүргізу:

  • қоғамдық бақылау институтын іске асырудың халықаралық және өңірлік тәжірибесі туралы ғылыми әдебиеттерге шолу дайындау;
  • Орталық Азия елдерінде мемлекеттік басқару реформалары және қоғамдық бақылау институтының қалыптасуы туралы ғылыми әдебиеттерге шолу дайындау.

2) Қазақстан Республикасында (Орталық мемлекеттік органдар), Қырғызстанда және Өзбекстанда қоғамдық кеңестердің қызметіне талдау жүргізу:

  • Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органдарының қоғамдық кеңестерінің өкілдерімен фокус-топ ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасында негізгі стейкхолдерлермен (Азаматтық қоғам, академиялық қоғамдастық, сарапшылар) терең сұхбат ұйымдастыру.
  • Қырғызстан мен Өзбекстанның қоғамдық кеңестерінің өкілдерімен фокус-топтарды ұйымдастыру;
  • Қырғызстан мен Өзбекстанның негізгі стейкхолдерлерімен (Азаматтық қоғам, академиялық қоғамдастық, сарапшылар) терең сұхбат ұйымдастыру.

 

2 кезең (2025 жыл)

3) Қазақстан Республикасында (квазимемлекеттік сектор) және Тәжікстанда қоғамдық кеңестердің қызметіне талдау жүргізу:

  • Қазақстан Республикасы квазимемлекеттік ұйымдарының қоғамдық кеңестерінің өкілдерімен фокус-топ ұйымдастыру;
  • қоғамдық кеңестің 2 (екі) отырысында бақылау ұйымдастыру (non-participant observation);
  • Тәжікстанның қоғамдық кеңестерінің өкілдерімен фокус-топтарды ұйымдастыру;
  • Тәжікстанда негізгі стейкхолдерлемен(Азаматтық қоғам, академиялық қоғамдастық, сарапшылар) терең сұхбат ұйымдастыру.

4) Зерттеудің алдын ала нәтижелерін дайындау және талқылау:

  • халықаралық және шетелдік рецензияланатын басылымдарда мақалалар жариялауға дайындық;
  • дөңгелек үстел өткізу.

 

3 кезең (2026 жыл)

5) Зерттеудің түпкілікті нәтижелерін қалыптастыру:

  • зерттеу нәтижелерін талқылау үшін Орталық Азия елдерінің уәкілетті органдарының, қоғамдық кеңестерінің және азаматтық қоғам ұйымдарының қатысуымен Астана қаласында дөңгелек үстел ұйымдастыру және өткізу.
  • халықаралық және шетелдік рецензияланатын басылымдарда мақалалар жариялауға дайындық;
  • қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру жөніндегі тетіктер кешенін негіздеу;

6) Қазақстан Республикасында және Орталық Азия елдерінде қоғамдық бақылау институтын жаңғырту бойынша ұсынымдар дайындау:

  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және оның өңірлік филиалдарының студенттері үшін «Орталық Азиядағы Ашық үкімет» жаңа оқу курсын әзірлеу;
  • Орталық Азия елдеріндегі уәкілетті органдар, қоғамдық кеңестер және азаматтық қоғам ұйымдары үшін ұсынымдармен есеп дайындау;

7) ақпараттық қамту:

  • қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ақпараттық брошюралар дайындау;
  • бұқаралық ақпарат құралдарында және Академияның веб-сайтында Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы материалдарды жариялау;
  • зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияларға тарату;
  • конференция өткізу.

 

logo2.png
010000 Астана, Абай д., 33а
Электрондық пошта:
publiccouncils2024@gmail.com,
zhuldyz.davletbayeva@apa.kz 

Орталық Азиядағы Қоғамдық кеңестер