Электрондық пошта:
publiccouncils2024@gmail.com,
zhuldyz.davletbayeva@apa.kz
99323059

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін нығайтуға және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Президент тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетіктерін жетілдіру бағытында кешенді жұмыс жүргізілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылардың қатысуымен бұл бағытта нақты шараларды жүзеге асырды. Жаңа тәсілдерді түсіндіру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен Қазақстан Азаматтық альянсының өңірлік көшбасшыларына арналған үш оқыту семинары өткізілді.
Кезекті отырыс барысында Ұлттық экономика министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы лауазымына оның қазіргі мүшесі Дармен Сәдуақасов сайланды. Бұрын осы лауазымды атқарған Алмас Чукин 2024 жылғы 6 қыркүйекте өз өкілеттігін тоқтатты. Кеңестің жаңа құрамы 15 мүшеден тұрады.
Сондай-ақ, отырыста жекешелендіру процесінің әдіснамалық негізін жетілдіру мәселелері мен «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының іске асыру барысы қаралды.
ҰЭМ Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры Жадыра Темірбаева мемлекеттік активтерді басқару саласындағы өзекті мәселелердің бірі жекешелендіру процесінің әдіснамалық негізін жетілдіру болып табылатынын атап өтті.
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңартылған Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Кеңес құрамына Парламент Мәжілісінің депутаттары – Марат Башимов, Николай Арсютин және Айдос Сарым, сондай-ақ Бейбіт Мамраев, Дихан Қамзабекұлы, Кәкімжан Бишманов, Айнұр Сабитова, Мэлс Семгалиев, Ербол Үстеміров, Серік Сәпиев, Ғани Нығметов және Михаил Коломин сынды қоғам қайраткерлері мен ғалымдар кірді.
Отырыста Қоғамдық кеңестің төрағасы болып ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Марат Башимов қайта сайланды.