AP23490980 «Орталық Азиядағы қоғамдық кеңестердің қызметін мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру тетігі ретінде жаңғырту» жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ-мен гранттық қаржыландыру жөніндегі ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды іске асыруға арналған 03.09.2024 ж. №201/ГФ24-26 шарт шеңберінде іске асырады.
Жобаның негізгі идеясы
осы қоғамдық бақылау институтын жетілдіру процесіне ғылыми тәсілді енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдеріндегі қоғамдық кеңестердің қызметіне талдау жүргізу болып табылады.
Жоба шешуге бағытталған проблема:
қоғамдық кеңестердің қызметі қазіргі қоғамның өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне толық жауап бермейді және мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынас институты ретінде одан әрі дамуды талап етеді.
Жобаның мақсаты:
мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етудегі олардың рөлін арттыру контексінде Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдеріндегі (бұдан әрі - ОА) қоғамдық кеңестердің қызметін жаңғырту бойынша ұсынымдар әзірлеу. Ұсынылған зерттеу ОА елдеріндегі, соның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, және Тәжікстан елдеріндегі консультативтік-кеңесші және бақылаушы органдар ретіндегі қоғамдық кеңестердің рөлін, функциялары мен қызметінің ерекшелігін зерделейді.
Зерттеу пәнаралық сипатқа ие және мемлекеттік басқару, әлеуметтік саясат және саясаттану саласындағы ғылыми және практикалық әдебиеттердің интеграциясына негізделген (Орталық Азия туралы зерттеулер бөлігінде). Зерттеу қоғамдық кеңестер институтын іске асыру туралы ғылыми білімнің дамуына маңызды үлес қосады.
Жүзеге асыру мерзімі: 2024-2026 ж.
