1 кезең (2024 жыл)
1) Қоғамдық бақылау институттарының қызметіне теориялық-әдіснамалық талдау жүргізу:
- қоғамдық бақылау институтын іске асырудың халықаралық және өңірлік тәжірибесі туралы ғылыми әдебиеттерге шолу дайындау;
- Орталық Азия елдерінде мемлекеттік басқару реформалары және қоғамдық бақылау институтының қалыптасуы туралы ғылыми әдебиеттерге шолу дайындау.
2) Қазақстан Республикасында (Орталық мемлекеттік органдар), Қырғызстанда және Өзбекстанда қоғамдық кеңестердің қызметіне талдау жүргізу:
- Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органдарының қоғамдық кеңестерінің өкілдерімен фокус-топ ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасында негізгі стейкхолдерлермен (Азаматтық қоғам, академиялық қоғамдастық, сарапшылар) терең сұхбат ұйымдастыру.
- Қырғызстан мен Өзбекстанның қоғамдық кеңестерінің өкілдерімен фокус-топтарды ұйымдастыру;
- Қырғызстан мен Өзбекстанның негізгі стейкхолдерлерімен (Азаматтық қоғам, академиялық қоғамдастық, сарапшылар) терең сұхбат ұйымдастыру.
2 кезең (2025 жыл)
3) Қазақстан Республикасында (квазимемлекеттік сектор) және Тәжікстанда қоғамдық кеңестердің қызметіне талдау жүргізу:
- Қазақстан Республикасы квазимемлекеттік ұйымдарының қоғамдық кеңестерінің өкілдерімен фокус-топ ұйымдастыру;
- қоғамдық кеңестің 2 (екі) отырысында бақылау ұйымдастыру (non-participant observation);
- Тәжікстанның қоғамдық кеңестерінің өкілдерімен фокус-топтарды ұйымдастыру;
- Тәжікстанда негізгі стейкхолдерлемен(Азаматтық қоғам, академиялық қоғамдастық, сарапшылар) терең сұхбат ұйымдастыру.
4) Зерттеудің алдын ала нәтижелерін дайындау және талқылау:
- халықаралық және шетелдік рецензияланатын басылымдарда мақалалар жариялауға дайындық;
- дөңгелек үстел өткізу.
3 кезең (2026 жыл)
5) Зерттеудің түпкілікті нәтижелерін қалыптастыру:
- зерттеу нәтижелерін талқылау үшін Орталық Азия елдерінің уәкілетті органдарының, қоғамдық кеңестерінің және азаматтық қоғам ұйымдарының қатысуымен Астана қаласында дөңгелек үстел ұйымдастыру және өткізу.
- халықаралық және шетелдік рецензияланатын басылымдарда мақалалар жариялауға дайындық;
- қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру жөніндегі тетіктер кешенін негіздеу;
6) Қазақстан Республикасында және Орталық Азия елдерінде қоғамдық бақылау институтын жаңғырту бойынша ұсынымдар дайындау:
- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және оның өңірлік филиалдарының студенттері үшін «Орталық Азиядағы Ашық үкімет» жаңа оқу курсын әзірлеу;
- Орталық Азия елдеріндегі уәкілетті органдар, қоғамдық кеңестер және азаматтық қоғам ұйымдары үшін ұсынымдармен есеп дайындау;
7) ақпараттық қамту:
- қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ақпараттық брошюралар дайындау;
- бұқаралық ақпарат құралдарында және Академияның веб-сайтында Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы материалдарды жариялау;
- зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияларға тарату;
- конференция өткізу.
